213

Қызылордада жеңіл машина әскери жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

«Аudi» жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Қызылордада жеңіл машина әскери жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында әскери жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты.

Әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы болған сәттен түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға республикалық маңызы бар тасжолдардың бірінде болған.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апатқа «Урал» әскери жүк көлігі мен «Аudi» маркалы жеңіл көліктің соқтығысуы себеп болған.

«Урал» және «Аudi» көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша, бір адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Аudi» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша сақ болуға тағы да шақырды.

Материал авторы