244

Трамп журналисті күлмегені үшін өтірік айтты деп айыптады

«Күлмесең, шындық айтпағансың» деп сынға алды Трамп.

Трамп журналисті күлмегені үшін өтірік айтты деп айыптады
Evan Vucci/AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында CNN телеарнасының журналисін көпшілік алдында айыптап, оны «жалған ақпарат таратады» деп кінәлады.

Мемлекет басшысы тілшіге қарата өте қатаң мәлімдеме жасаған. Трамп CNN өкілін «ең нашар тілші» деп атап, телеарнаның рейтингінің төмендеуін де сол секілді журналистермен байланыстырған.

«Мен сіздің күлімсірегеніңізді ешқашан көрген емеспін. Сізді 10 жылдан бері танимын, бірақ бір рет те жымиғаныңызды байқамадым. Неге білесіз бе? Өйткені сіз шындықты айтпайсыз», – деді Дональд Трамп.

Алайда агенттік президентке тілшінің нақты қандай сұрақ қойғанын ашып көрсетпеген. Сонымен бірге CNN арнасы бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме де, жеке материал да жарияламады.

Айта кету керек, Дональд Трамп бұған дейін де журналистерге қатысты өткір әрі даулы мәлімдемелерімен бірнеше рет назарға іліккен. Өткен жылы ол кейбір тілшілерді ашық түрде қорлап, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жеке атаумен сынаған болатын.

Сонымен қатар былтырғы жылдың соңында Трамп өз қызметін, MAGA қозғалысын және республикалықтарды сынайтын телеарналарды лицензиясынан айыру қажеттігін де айтқан еді.

Материал авторы