Бұрын жекпе-жекте жеңіліс тапқан Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтың ота жасатқанын мазақ етті

04.02.2026, 10:18
247
Бұрын жекпе-жекте жеңіліс тапқан Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтың ота жасатқанын мазақ етті championat.com

Гэрридің сөзі жанкүйерлердің шамына тиді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ирландиялық UFC файтері Иэн Мачадо Гэрри қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жарақатын келемеждеп, жанкүйерлердің қатаң сынына ұшырады.

Өткен апта соңында «Номад» лақап атымен танылған Шавкат Рахмоновтың тізе жарақаты қайта асқынып, тағы 9-10 айға спорттан шет қалатыны белгілі болды. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың соңында дәл осы Иэн Гэрриге қарсы өткен. Сол кездесуден кейін қазақстандық спортшы ота жасап, ұзақ оңалту кезеңінен өткен еді.

Шавкаттың кезекті жарақаты туралы жаңалыққа Гэрри Threads әлеуметтік желісінде мысқыл аралас жазба қалдырды. Онда ол: «Шавкатты біздің титулдық элиминаторда шеттеткенмін», – деп мәлімдеген.

Онымен тоқтамай, ирландиялық спортшы Instagram Stories-та бейнежазба жариялап, «Иэн Шавкаттың мансабын жойды» деген жазу қалдырды. Видеода олардың жекпе-жегіндегі сәттердің бірі көрсетіліп, Гэрридің «Номадтың» тізесіне тепкі жасап жатқан көрінісі берілген.

Алайда бұл әрекет жанкүйерлер арасында ашық наразылық тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары Гэрридің жазбасына сынға толы пікірлер қалдырды.

«Біреудің мансабын аяқтадым деп мақтану – дәл осындай адамға ғана тән мінез», – деп жазды жанкүйерлердің бірі. Тағы бір қолданушы: «Ол өзіне бағытталған бүкіл хейтке толық лайық», – деп пікір білдірді. Кейбірі Гэрриді «жағымсыз адам» деп атап, ал басқалары «Шавкат соған қарамастан оны жеңген» деген ойды алға тартқан. 

Сондай-ақ пікірлерде «Иэн оның тізесіне соққы жасағанымен, жекпе-жекте бәрібір Шавкат үстемдік көрсетті» деген жазбалар да кездеседі.

Айта кетейік, кеше Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылды. Бұған дейін ол бұл дивизионда екінші орында тұрған.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды