306

Луиш Нанидің «Ақтөбеге» нақты қосылатын күні белгілі болды

Еуропа чемпионы Қазақстан Премьер-Лигасында дебют жасайды.

Луиш Нанидің «Ақтөбеге» нақты қосылатын күні белгілі болды
instagram.com/luisnanі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Ақтөбе» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиынының құрамын жариялады. Турциядағы жаттығу 25 ақпанға дейін жалғасады. Алайда қызыл-ақ команданың жұлдызды жаңа ойыншысы — португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нани тізімге кірмеген.

Дереккөздің мәліметінше, бұрынғы «Манчестер Юнайтед» ойыншысы клуб басшылығы мен бапкерлік штабпен келісіп, 6-7 ақпан аралығында командаға қосылады. Сол сәттен кейін Нани «Ақтөбе» құрамымен бірге Қазақстанға оралады.

Еуропа чемпионы 2016 жылғы турнирдің жеңімпазы жаңа командада дебютін Қазақстан Премьер-Лигасының бірінші турында жасай алады деп күтілуде.

Материал авторы