Қазақстан мұнайы Джейханнан Румыния бағытына жөнелтіле бастады

22.04.2023, 18:18
577
Қазақстан мұнайы Джейханнан Румыния бағытына жөнелтіле бастады smartnews.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның Джейхан портына барып, «ҚазМұнайГазға» тиесілі Румынияда орналасқан «PETROMIDIA» мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту барысымен танысты, деп хабарлайды аталған компанияның баспасөз қызметі.

«Бүгін біз отандық мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиғаның куәгері болып отырмыз. Мемлекет басшысының Қазақстан мұнай тасымалының жаңа бағыттарын дамытуға ерекше көңіл бөлетіні кездейсоқ емес. Бұл тұрғыда әзербайжандық SOCAR компаниясымен жасалған келісімнің іс жүзінде орындалып жатқаны қуантады. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екендігін растап отыр», - деді жөнелтуді бастау рәсімі кезінде М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы іс-шараға қатысқан «Теңізшевройл» компаниясының басшылығына Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау шарттары бойынша табысты жүргізілген келіссөздер сериясы үшін алғысын білдірді.

Джейхан терминалынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясын «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС-не (ҚМГ-нің еншілес ұйымы) тиесілі отандық «ALATAU» танкері тасымалдайтынын атап өткен жөн. Ол мұнай Румынияның Констанца порты бағытына жөнелтіліп, «Petromidia» мұнай өңдеу зауытына түсіріледі.

Ақтау – Баку – Джейхан маршруты бойынша жыл сайын 1,5 млн тонна көлемінде мұнай транзиті туралы бес жылдық келісімге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Әзербайжанның SOCAR компаниясы өткен жылдың соңында қол қойды. Биыл наурыз айында Қазақстан мұнайы Ақтау – Баку бағыты бойынша жөнелтіле бастады. Тасымалдауға қазақстандық және әзербайжандық флоттар паритеттік негізде жұмылдырылды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтау портынан 86 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды