ФИФА президенті Джанни Инфантино 3 мамыр күні Қазақстанға келеді

22.04.2023, 18:40
531
ФИФА президенті Джанни Инфантино 3 мамыр күні Қазақстанға келеді AFP 2023 / WILLIAM WEST

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың шақыруымен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған. Былтыр күзде Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесу өткізіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарын талқылаған еді.

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы басшысының Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру алға қойылмақ.

Джанни Инфантино үшін Халықаралық футбол федерациясының басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды