Конституциялық сот: Адамның фотосын келісімінсіз пайдалану Конституцияға қайшы емес

22.04.2023, 19:03
568
Конституциялық  сот: Адамның фотосын келісімінсіз пайдалану Конституцияға қайшы емес smartnews.kz

Еліміздің Конституциялық соты бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде адамның бейнесін (фото) рұқсатсыз пайдалануға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық сотқа азамат С.В. Наумцевтен БАҚ беттерінде адамдардың бейнесін жария етуге қатысты өтініш келіп түсті. Өтініш иесінің айтуынша, БАҚ-та адамның бейнесін (фото, видео) рұқсатсыз пайдалану Конституцияда бекітілген жеке өмір, жеке және отбасылық құпияға қолсұғылмаушылық құқығына қайшы келеді.

Конституциялық сот келесі ұстанымдарды алға тартты. Қазақстан Республикасында азаматтың өз бейнесін қорғау құқығы мемлекеттің қадағалауында. Жеке бас бейнесін қорғау тек конституциялық нормалармен ғана емес, азаматтық заңнамамен де реттеледі. Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес адамның бейнесін жариялау мен қайта пайдаланудың алдында оның келісімін алуды талап етеді. Сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7 және 15-баптарының ережелерін ескеру қажет, ол бойынша дербес деректерді пайдалануда меншік иесінің келісімі болған кезде ғана жол беріледі.

Сондай-ақ, өтініште БАҚ туралы заңның 14-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасын алып тастау немесе аталған тармақшаның конституциялылығын қамтамасыз ету үшін соттың қалауы бойынша басқа да әрекеттер қабылдау мәселесі де қойылған.

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты жоғарыдағы жайтты қарай келе келесіні қаулы етеді:

1. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылсын.

2. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

3. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Нормативтік қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты