408

Эпштейн ісінен кейін Эндрю ханзада резиденциядан ерте көшірілді

Чарльз патшаның інісі даулы құжаттардан соң Букингем сарайынан жедел кететін болды.

Эпштейн ісінен кейін Эндрю ханзада резиденциядан ерте көшірілді
justice.gov/epstein

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания королі Чарльз III-тің інісі Эндрю Маунтбеттен-Виндзор атышулы Джеффри Эпштейн ісіне байланысты жаңа деректер жарияланғаннан кейін Royal Lodge резиденциясынан жоспарланған мерзімнен ерте көшіп кетті.

Бұған дейін, 2025 жылдың қазан айында Букингем сарайы Эндрюдің Үлкен Виндзор паркіндегі резиденциядан 2026 жылдың басында кететінін ресми түрде жариялаған болатын. Алайда Эпштейн ісі бойынша құжаттардың жаңа бөлігі ашыққа шыққан соң, оның көшуі жеделдетілген.

Қазіргі таңда Эндрю Англияның шығыс бөлігіндегі Сандрингем иелігіне орналастырылды. Бұл мүлік король Чарльз III-тің жеке меншігі саналады. Ақпаратқа сәйкес, жаңа үйге байланысты шығындарды да корольдің өзі өтейді. Алдағы уақытта Эндрю сол аумақтағы Marsh Farm фермасында тұрақтауы мүмкін.

Басылым мәліметінше, полиция бір әйелдің Эпштейн арқылы Ұлыбританияға жіберіліп, Эндрюмен жыныстық байланыс орнатуға мәжбүр болғаны жөніндегі арызды тексеріп жатыр. Кездесу 2010 жылы Royal Lodge резиденциясында болуы ықтимал деген болжам бар.

Осы дерекке және Эндрюдің америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланыстарына байланысты одан АҚШ-та түсініктеме беру талап етіліп отыр. Эндрю Маунтбеттен-Виндзор өзіне тағылған айыптаулардың барлығын бұрыннан бері жоққа шығарып келеді.

БАҚ мәліметінше, Эндрюдің жүріс-тұрысы мен беделі корольдік отбасы үшін ұзақ жылдан бері күрделі мәселе саналып келген. Енді сарай өкілдері оны Лондон мен Виндзордан алшақ орналастыру арқылы қоғам назарынан тыс ұстауға үміттеніп отыр.

Еске салсақ, 2025 жылдың күзінде Эндрю «принц» мәртебесінен айырылып, сондай-ақ «Корольдік мәртебелі жоғары тақсыр» деген ресми атақты қолдану құқығынан қағылған еді.

Ал 2025 жылдың желтоқсан айының басында король Чарльз III інісін қолында қалған соңғы корольдік құрметті атақтарынан да толық айырды.

Бұған дейін Эндрю Йорк герцогы атағын пайдаланудан өз еркімен бас тартқан. Бұл шешім кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық зорлық дерегі және Джеффри Эпштейнмен байланысы төңірегіндегі айыптаулардан кейін қабылданған.

Материал авторы