312

Бірінші сынып оқушыларына ақпан айында қосымша каникул беріледі

Мектептерде үшінші тоқсан 10 аптаға созылады.

Бірінші сынып оқушыларына ақпан айында қосымша каникул беріледі
Azattyq / Balzhan Baltasheva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан мектептерінде ең ұзақ және ең қарқынды үшінші оқу тоқсаны басталды — ол 10 аптаға созылады. Жас оқушыларға түсетін жүктемені азайту мақсатында бірінші сынып оқушыларына арнайы қосымша демалыс берілді.

Бірінші сынып оқушылары 2026 жылғы 9-дан 15 ақпанға дейін демалады. 16 ақпаннан бастап олар қайтадан сабаққа оралып, жалпы оқу кестесі бойынша білімін жалғастырады.

Барлық мектеп оқушылары үшін көктемгі демалыс 19-дан 29 наурызға дейін, 11 күнге созылады. Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

Материал авторы