304

FlyArystan Алматы мен Астанадан Түркияға жаңа рейстерді бастады

Лоукостер халықаралық маршрутты кеңейтті.

FlyArystan Алматы мен Астанадан Түркияға жаңа рейстерді бастады
flightsim.to

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астанадан Түркияның Газипаша (Аланья) қаласына рейстерді қайта бастады және Алматыдан жаңа тікелей рейстерді ұсынды.

Астана – Газипаша бағытындағы рейстер 2026 жылғы 11 мамырдан 22 қазанға дейін дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ал Алматы – Газипаша рейстері 13 мамырдан 24 қазанға дейін сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асады.

FlyArystan президенті Ричард Леджердің айтуынша, бұл бағыттар халық арасында сұранысқа ие болғандықтан және тұрақты жолаушы ағыны байқалғандықтан ашылды.

«Біз халықаралық маршруттық желіні тұрақты кеңейтеміз, сұранысқа ие бағыттарды және жолаушылар қажеттілігін ескереміз. Газипаша бағытындағы маусымдық чартерлік рейстер Астанадан алғаш рет өткен жылдың мамырында іске қосылған», — деді ол.

Газипаша — Анталия провинциясында орналасқан курорттық қала. Газипаша әуежайы Аланья, Махмутлар, Кестель, Оба, Авсаллар және Конаклы курорттарына трансфер уақытын қысқартады және Сиде мен Белек қалаларына сапарларды ыңғайлы етеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan жолаушылары қол жүгін 5 кг орнына 7 кг дейін таси алады.

Материал авторы