Бүгін Қазақстанның әскери полициясы құрылған күн

22.04.2023, 19:32
576
Бүгін Қазақстанның әскери полициясы құрылған күн massaget.kz

ҚР Қарулы күштері әскери полициясының әскери қызметшілері кәсіби мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери полицияның тарихы 1997 жылғы 22 сәуірде Президент қол қойған Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы Жарлықтан басталды.

26 жыл ішінде әскери полицияда әскери ортадағы құқық бұзушылықты бақылау мен алдын алудың тиімді жүйесі құрылды.

Биылғы жылдың 14 наурызында қабылданған Әскери полиция органдары туралы жаңа заң да Қарулы күштердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, олардың мәртебесін арттыруға және өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған.

Анықтау, жедел-іздестіру функцияларын жүзеге асыратын, құқықтық тәртіпті, әскери қызметтің, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери полиция қару-жарақтың озық түрлерімен және арнайы техникалық құралдармен жарақтандырылған.

Олардың арсеналында заманауи автомобильдер, жылжымалы бекеттер, объектілерді қашықтан бақылау кешендері, лазерлік қашықтық өлшегіштер, бейнетіркегіштер және тексеру эндоскоптары бар.

Жыл сайын 80-нен аса адам әскерге шақыру және одан әрі қызмет өткеру үшін әскери полиция мамандарын даярлау орталығында бастапқы оқудан өтеді. Әскери кинологтардың кәсіби шеберлігі халықаралық деңгейде танылып келеді. Әскери полицейлер Қазақстан Қарулы күштерінің спартакиадаларына, армиялық көпсайысқа, жеңіл атлетикалық және халықаралық жарыстарға белсенді түрде қатысып, әркез жүлделі орындар алып жүр.

«Олардың кәсіби шеберлігі мен қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауы елдің қорғаныс қабілетін нығайтып, қазақ әскерінің имиджін арттыруға ықпал етеді»,-делінген хабарламада.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды