302

Ким Чен Ын президенттік титулды қайта алуы мүмкін

Солтүстік Кореяда президенттік мәртебе қайта қалпына келуі мүмкін.

Ким Чен Ын президенттік титулды қайта алуы мүмкін
KCNA/Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Аналитикалық басылым 38 North хабарлауынша, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын бұрынғы мемлекет негізін қалаушы Ким Ир Сеннің атқарған президенттік титулын иеленуі мүмкін.

Бұл мәселе партияның тоғызыншы съезінде және кейінгі Жоғарғы халық ассамблеясының отырысында қаралуы ықтимал.

2024 жылы Ким Чен Ынға қатысты «Мемлекеттің басшысы» деген формулировка енгізілген. Ол Конституциядағы «КНДР президенті» титулымен толық сәйкес келеді. Осы титулды Ким Ир Сен 1972 жылдан 1994 жылға дейін иеленген болатын.

1998 жылы бұл титул жойылды, ал Ким Чен Ир (Ким Ир Сеннің ұлы және Ким Чен Ынның әкесі) елді Ұлттық қорғаныс комиссиясының төрағасы ретінде басқарды.

Сарапшылардың пікірінше, президенттік титулды қайта қалпына келтіру елдегі шешім қабылдау құрылымына, оның ішінде қорғаныс пен сыртқы саясатқа, сондай-ақ билікке келесі мұрагерлікті жоспарлауға әсер етуі мүмкін.

Материал авторы