SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының прокуратурасы «қандастарды қоныстандыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу жөнінде сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Қадағалау органының мәліметінше, тергеу барысында Ауғанстан азаматы өзін қазақ ұлтының өкілі ретінде көрсетіп, әдейі жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттар ұсынғаны анықталған. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған.
Алынған қаражатқа құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алынған.
Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратураның өтініші бойынша сот аталған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.
Алайда сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр және іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде.
RUS