446

Алматыда ер адам рөлде көз жұмған соң ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Рөлде жүрек талмасы ұстап қайтыс болған жүргізуші жаппай жол апатына себепкер болды.

Алматыда ер адам рөлде көз жұмған соң ірі жол апаты болды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 ақпанда Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында өліммен аяқталған ірі жол апаты болды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға шамамен сағат 11:30-да Бостандық ауданында тіркелген.

1975 жылы туған ер адам BYD маркалы автокөлікті басқарып келе жатқан кезде кенеттен өзін жайсыз сезініп, көлікті басқарудан айырылған.

Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, жүргізушінің өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Дәрігерлер оның оқиға орнында қайтыс болғанын растады.

Басқарусыз қалған жеңіл көлік алда келе жатқан бірнеше автокөлікке соғылған. Атап айтқанда, Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Utong маркалы машиналар зақымданған. Бұдан кейін автокөлік қалалық автобусқа да тиіп кеткен.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де Алматыда тағы бір ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, түнгі уақытта болған апат салдарынан небәрі үш адам түрлі жарақат алғаны хабарланған еді.

Материал авторы