Coursera платформасы қазақшаланады және курстар тегін болады – Саясат Нұрбек

23.04.2023, 09:10
1058
Coursera платформасы қазақшаланады және курстар тегін болады – Саясат Нұрбек smartnews.kz

Әлемдегі жоғары оқу орындары мен студенттерге арналған «Coursera» курстар платформасы енді қазақ тіліне аударылады және тегін болмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Coursera» әлемдегі ең үлкен платформа. Онда 177 жоғары оқу орны 11 мыңға жуық курстарын жүктеген. Бірақ, арзан емес, бір жылдық лицензиясының құны 400 АҚШ доллары көлемінде. Өткен жылы Президент АҚШ-қа сапары барысында аталған компания басшылығымен кездесіп, ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Содан соң АҚШ-қа жұмыс бабымен мен бардым. Кездесу барысында платформа басшылығы Қазақстанға жылдық лицензияны 199 доллардан берейік деді. Бірақ, ол жердегі барлық ақпарат пен курстар тек ағылшын тілінде. Сондықтан отандық жоғары оқу орындарымен кеңесе келе, бізге қажет деген 654 курсты сұрыптап, оларды қазақ тіліне аударайық деген ұсыныс білдірдік. Таңдап алынған курстар елімізде мүлдем немесе дұрыс оқытылмайды. Біз осы бастамамен «Қазақстан халқына» қорынан қаржыландыру бойынша қолдау сұрадық», - деді Саясат Нұрбек тілші Нартай Аралбайұлының берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, «Қазақстан халқына» қоры бөлген қаражат курс лицензияларын алуға жұмсалады.

«Coursera» компаниясымен келісім жүргізіп, платформа курстарын қазақшаға аударуға көндірдік. Қазақ тіліне аударуға келсек, аталған компанияның Қазақстанға эксклюзивті серіктестігі бар екен, ол ұлттық аударма бюросы. Енді курстар тегін болады»,- дейді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды