Семей қаласында аспалы көпірдің астынан 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды.
Жас жігіттің өлімі бойынша тергеу басталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облыстық полиция департаменті құқық қорғау органдарына Ертіс өзенінің мұз үстінде, аспалы көпір маңында адам денесі жатқанын хабарлаған қоңырау түскенін жеткізді.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері марқұмның қаза болу себептері мен оның әрекетіне түрткі болған жағдайлар анықталып жатқанын хабарлады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші