465

Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарын балтамен қуған (ВИДЕО)

Қатарласынан қашқан оқушы сыныпқа кіріп, өмірін аман сақтап қалды.

Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарын балтамен қуған (ВИДЕО)
бейнежазбадан

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде түсірілген видео кеңінен тарап жатыр. Жазбада оқушының қолына балта ұстап, мектеп дәлізімен жүгіріп жүрген сәті бейнеленген.

Желі қолданушыларының мәліметінше, оқиға А.С. Пушкин атындағы №6 мектепте болған. Видеода балта ұстаған оқушы өзге бір оқушыны қуа жөнелгені байқалады. Қуғындалған бала сыныптардың біріне кіріп, тығылған. Ер бала бейнежазбада сыныптың есігін балтамен ұрғанын, артынша балтаны сөмкесіне салып, мектептен кетіп қалғанын көруге болады.

Әлеуметтік желідегі жазбаларда оқиғаға қатысы бар оқушы 10-сыныпта оқиды деген ақпарат тараған. Алайда бұл дерекке әзірге ресми растау берілген жоқ.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиғаға байланысты полиция мен білім беру органдары да әзірге түсініктеме берген жоқ.

Материал авторы