Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Күдікті 20 жастағы қыз сәбидің өмірге өлі күйінде келгенін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алғашқы тексеру барысында 20 жастағы қыз анықталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол үй жағдайында босанған. Күдіктінің айтуынша, сәби өмір белгілерінсіз туған.
Сондай-ақ тергеу аясында нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған Семей қаласының тұрғыны да анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысы бар тұлғалар ауыр психологиялық күйде болғандарын түсіндірген. Қазіргі уақытта бұл уәждер қылмыстық іс аясында тексеріліп жатыр.
Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім қабылданып, қатысы бар адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Материал авторы