387

Алматыдағы «Никольский» базары мемлекетке қайтарылды

Базарды заңсыз басып алғандар сотталды.

Алматыдағы «Никольский» базары мемлекетке қайтарылды
ҚМА

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Никольский» базары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл базар бұрын Қоспаев басқарған қылмыстық топ тарапынан рейдерлік жолмен басып алынған кәсіпорындардың бірі болатын. Сот үкімімен нарық тәркіленіп, мемлекетке қайтарылды.

2025 жылғы қыркүйекте Аслан Пухаев, Антон Соловьёв және Жақсылық Сәрсенбаев «Азаматтарға арналған үкімет» ақпараттық жүйесіне жалған деректер енгізіп, тиым салынған объектілердің құқығын заңсыз түрде жойған.

Содан кейін жалпы құны 2,2 миллиард теңге болатын мүлік пен жер телімдері жалған тұлғалардың атына қайта рәсімделген.

Сот кінәлілерді 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Материал авторы