«Болашақ» бағдарламасымен бакалавриатқа грант бөлу қайта жаңғырады

23.04.2023, 11:31
616
«Болашақ» бағдарламасымен бакалавриатқа грант бөлу қайта жаңғырады smartnews.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына қатысты бірнеше жаңашылдықты жария етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Болашақ» бағдарламасы керек. Біз қазір оны өзгертіп жатырмыз. Иә, бұрын бұқаралық бағдарламаға айналып кетті, біраз адамдар барды. Алдағы өзгерістерге келсек, «Болашақ» бағдарламасында бакалавриатты қайтарамыз, ол осыдан 12-13 жыл бұрын жабылған еді. Елімізде соңғы уақытта дарынды, білімді оқушылар әлемнің түрлі университетінен көптеген шақырту алады. Әлемнің жоғары оқу орындары дарынды балаларды халықаралық олимпиада және ғылыми жобалары жеңімпаздарының арасынан таңдап алады»,- деді Саясат Нұрбек тілші Нартай Аралбайұлының берген сұхбатында.

Оның айтуынша, енді еліміздің дарынды балаларын «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге білім алуға жіберу жоспарланып отыр.

«Басты талап – олар елге қайтуы керек. Әйтпесе, біздің алтын басты балаларымыз шетелге ағылып жатыр. Бұл бастама келесі жылы іске қосылады. Сонымен қатар гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға беріледі. Бағдарламаға қатысты тағы бір жаңашылдық, бұған дейін конкурс жарияланады, оған кез келген адам қатыса алатын еді. Енді біз отандық ірі компанияларға барып, олардан қандай мамандар керектігін сұрап шығамыз. Олар өтініш білдіреді, соның негізінде біз тапшы деген мамандарды шетелде оқытып береміз», - дейді ол.

Сондай-ақ, министр «Болашақ» бағдарламасы бойынша гранттар саны шектеліп, сапаға ерекше мән берілетінін айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды