Мектеп оқушысы әкесінің мылтығымен мұғалімді атып тастады
Жеке лицейде оқушы қарумен шабуыл жасаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжан астанасы Бакудегі жеке лицейдің бір оқушысы әкесінің атына тіркелген аңшы мылтығымен мектеп мұғалімін жаралады.
Оқиға 2026 жылдың 6 ақпанында Бинагадин ауданындағы «Идрак» жеке лицейінің жанында болды.
Әзербайжан Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, жасөспірім мектепке әкесінің мылтығымен келіп, сабақ өткізіп жатқан мұғалімді жаралаған.
Оқушы ұсталды, мылтық тәркіленді. Қазіргі кезде оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші