Ақтауда көлік жөндеу орталығында ірі өрт шығып, екі жұмысшы ауыр халде ауруханаға түсті

06.02.2026, 17:05
214
Ақтауда көлік жөндеу орталығында ірі өрт шығып, екі жұмысшы ауыр халде ауруханаға түсті бейнежазбадан

Жарылыс болып, бірнеше көлік жанып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда екі қабатты техникалық қызмет көрсету станциясында ірі өрт шығып, екі қызметкер ауыр жарақат алды.

Төтенше жағдай 29А шағынауданында орналасқан көлік жөндеу орталығы аумағында тіркелген. Өрт нысанның бес боксының екеуін шарпыған. Жалын салдарынан бірнеше автокөлік жанып кеткен.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, станцияда жұмыс істеген екі адам күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Зардап шеккендер жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бір қызметкердің денесінің едәуір бөлігін термиялық күйік шалған. Екіншісіне II–III дәрежелі күйік және түтіннен тыныс алу жолдарының зақымдануы диагнозы қойылған.

Өрт кезінде көлік жөндеу орталығының ішіндегі үш автокөлік зақымданған: бір көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кеткен, тағы екі көлік толықтай өртенген. Ғимарат сыртында тұрған бірқатар көлік те оттан зардап шеккен.

Өрт шамамен 150 шаршы метр аумақты қамтыған. Ғимараттың жалпы аумағы – 600 шаршы метр.

Тілсіз жау сағат 09:21-де оқшауланып, 10:43-те толық сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, полиция және апат медицинасы бригадалары жұмыс істеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды