Өскемендік тұрғын зейнеткерді алаяқтарға үш миллион теңге аударып жіберуден құтқарып қалды

07.02.2026, 11:15
398
Өскемендік тұрғын зейнеткерді алаяқтарға үш миллион теңге аударып жіберуден құтқарып қалды ШҚО ПД

Тұрғын терминал жанында жылап тұрған әжені көрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласының тұрғыны Анара Добровольская сауда орталығындағы төлем терминалының жанынан жылап тұрған 79 жастағы зейнеткерді байқап, оны алаяқтардың құрбаны болудан аман алып қалды. Нәтижесінде егде жастағы әйелдің үш миллион теңгеден астам ақшасы сақталып қалды.

Оқиға қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Жұмыстан қайтып келе жатқан Анара терминал алдында қатты абыржып тұрған қарт әйелге көзі түседі. Әйелдің жанында еденге шашылып қалған купюралар жатқан, ал өзі қолында қомақты қаражат ұстап тұрып, телефонмен біреумен сөйлесіп тұрған.

Анара жағдайын сұрап көргенде, зейнеткер ақшаны «немересіне» аударып жатқанын айтқан. Әйел телефондағы адамның нұсқауларын бұлжытпай орындап, сырттан айтылған сөздерге назар аудармаған. Оның мазасыз күйі мен әңгіме барысы күмән туғызған.

Сол сәтте Анара телефонды алып, сөйлесіп тұрған адамға бірнеше нақты сұрақ қояды. Әлгі ер адам өзін немересі ретінде таныстырып, аты Кирилл екенін айтқан. Ал зейнеткер өз немересінің аты Александр екенін жеткізген. Осы қайшылықтың өзі қоңырау шалған адамның алаяқ екенін әшкерелеген.

Анара байланыс үзілгендей кейіп танытып, зейнеткерді терминалдан алыстатып, полиция шақырған.

Кейін белгілі болғандай, алаяқтар қарт әйелге күшті психологиялық қысым көрсеткен. Полиция қызметкерлерін көргенде оның бастапқыда үрейлене бастауы да осының салдары болған. Себебі қоңырау шалған адам оған ешкімге тіс жармауды қатаң ескерткен.

Зейнеткер полицияға берген түсінігінде өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған адам хабарласқанын айтқан. Ол есепшоттан ақша ұрлануы мүмкін деген сылтаумен барлық жинағын шұғыл түрде шешіп алып, «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Анара Добровольскаяға қырағылығы мен азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, дәл осындай бейжай қарамау мен сергектік ірі алаяқтық қылмыстардың алдын алуға жиі мүмкіндік береді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды