307

Трамп Обама бейнеленген даулы видеоны өшіріп тастады

Трампты халқы нәсілшіл деп айыптады.

Трамп Обама бейнеленген даулы видеоны өшіріп тастады
AP Photo/Jacquelyn Martin

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасынан Барак Обама мен оның жұбайы Мишель Обама бейнеленген даулы видеоны өшірді. Бұған роликтің нәсілшіл сипатта жасалғаны туралы айыптаулар себеп болды.

Қазір Трамптың ресми парақшасында аталған бейнематериал қолжетімсіз.

Бірнеше сағат бұрын жарияланған бір минуттық роликтің алғашқы бөлігінде 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауына қатысты бұрмалау туралы мәлімдемелер айтылған. Одан кейін видео күрт үзіліп, Барак және Мишель Обама өзгеше кейіпте көрсетілген көрініс пайда болған.

Жазба қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары Трампты нәсілдік кемсітуге жол берді деп айыптады.

АҚШ президентінің әкімшілігі бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді. Ақ үй өкілдерінің түсіндіруінше, сөз әлеуметтік желілерде бұрыннан тараған, өңделген мем туралы болып отыр. Онда Трамп «джунгли патшасы» бейнесінде, ал Демократиялық партия өкілдері анимациялық фильм кейіпкерлеріне ұқсас түрде көрсетілген.

Ал CNN таратқан ақпаратқа сәйкес, видеоны президенттің аккаунтына әкімшілік қызметкерлерінің бірі қателікпен жариялаған. Осы жағдайдан кейін бірқатар республикалық конгрессмендер Трамппен байланысып, туындаған дауды талқылаған.

Бұған дейін Дональд Трамп Барак Обаманы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыптап, оны қамауға алуға шақырған болатын.

Материал авторы