«Тыныштық беріңіздер!»: Шахановтың келіні әлеуметтік желі арқылы үн қатты
Шахановтың келіні ақынның денсаулығы нашарлағанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлеуметтік желіде атасының жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Ол Мұхтар Шахановтың қазіргі уақытта ауыр науқаста екенін, айтқанын бір сәтте ұмытып қалатынын айтты. Сондай-ақ, жақында екінші ұлынан айырылған атаның психоэмоционалдық жағдайының ауыр екенін түсінуге шақырды.
«Ата қоғамдағы жағдайлардан мүлдем бейхабар. Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбек сіңірген, ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола сынға алу негізсіз», — деп жазды Жаңагүл Мұратқызы.
Сонымен қатар, ол Мұхтар Шахановтың өз ұлтына адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатынын атап өтті.
Бұған дейін атасының әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдайтыны жайлы бейнежазба тараған болатын.
Материал авторы