Алматы облысындағы жиһаз цехында ірі өрт болды (ВИДЕО)
Өрт сөндірушілер күшейтілген шақырту деңгейімен жұмыс істеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысындағы Іргелі ауылында орналасқан бір қабатты жиһаз цехында шыққан ірі өрт толық сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен бойда өрт сөндірушілер оқпан желілерін іске қосып, судың үздіксіз берілуін қамтамасыз еткен. Құтқарушылар өртті сөндіруді күшейтілген шақырту деңгейі бойынша жүргізді.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ.
112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Ведомство өрттің толықтай ауыздықталғанын хабарлады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші