Түркістан облысында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің іргетасы қаланды

23.04.2023, 15:11
856
Түркістан облысында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің іргетасы қаланды inform.kz

Түркістан облысында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің іргетасы қаланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің капсуласын қою рәсімі өтті. 500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжайлар жобасы «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Мұнда негізінен қызанақ пен қияр өсірілмек. Заманауи жылыжай кешені жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталады.

Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды,«Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров, «KazakhInvest» АҚ-ның Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков қатысты. Өңір үшін бұл жобаның аса маңызды екенін айтқан облыс әкімі өңірде агроөнеркәсіп кластері дамитынын жеткізді.

«Түркістан – республика халқын жеміс-жидекпен және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі өңір. Облыста 1569 гектар алқапта 3366 бірлік жылыжай бар. Бұл республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы құрайды. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етуде. 2015 жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі 7 есеге ұлғайды, – деді Дархан Сатыбалды.

Ресейлік «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков бұл жоба агросаланы дамытуға үлкен серпін беретінін атап өтті.

Келес ауданы, Бірлік ауылында жүзеге асатын жобаның бірінші кезеңінің құрылысы 2024 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал бүкіл жоба 2027 жылы толықтай жүзеге аспақ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді