Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ғалымдар саны еселеп азайған – Күнсұлу Закария

23.04.2023, 16:25
759
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ғалымдар саны еселеп азайған – Күнсұлу Закария akorda.kz

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария түрлі саладағы жас ғалымдармен кездесу өткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Негізгі талқы ғылымды жандандыру, жас ғалымдарды қолдау тақырыбында өрбіді. Кездесуге келген ғылым докторлары, кандидаттар мен PhD, магистр дәрежесі бар түрлі саланың жас ғалымдары ғылымдағы мәселелерді және саланы дамытуға арналған ұсыныстарды ортаға салды. Академия президенті жастардың ұсынысы мен ғылымды дамытуға бағытталған жобаларға ашық екенін айтты.

Сонымен бірге, кездесуде ғылымның бизнеспен етене жұмыс істеуі қажеттігі, ғылым мен өндіріс қалашығы салынса, қазақ өнеркәсібі мен өндірісі қарыштап дамитыны айтылды.

Күн тәртібінде «Ғылым және технологиялық саясат» туралы әзірленіп жатқан заң тұр. Жаңа заңда академияның, оның ішінде жас ғалымдардың рөлі туралы айтылуы керек. Өйткені, Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстандағы ғалымдар саны еселеп қысқарған. 1991 жылы 40,8 мың адам болса, қазірде 22,6 мыңға жуық ғылым адамы бар екен. Күнсұлу Закария ғалымның қоғамдағы мәртебесін көтеріп, ғылымды танытуға күш салу керегін еске салды. Осы арқылы елде жас ғалымдар саны артуы мүмкін. Бұл тиісінше отандық өнімнің көбеюіне ықпал етеді.

«Ғылымға тың әрі айтулы өзгерісті жас буын алып келеді. Олардың ой-өрісі де, ойлау жүйесі де басқаша. Сондықтан бізге жас ғалымдар керек. Қазір жас ғалымдарды қолдауға бағытталған тұжырымдамаларды сараптап жатырмыз. Мақсатымыз бір – Қазақстанды ғылымы дамыған елге айналдыру. Осы мүдде үшін жұмыла жұмыс істеуге дайынмын деген азаматтарға есігіміз айқара ашық», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария.

Жиында бас қосқандар ғалымды қоғамға танытуды бүгіннен бастау керегін айтты. Олардың ғылыми еңбектерінің өзектілігі мен пайдасын БАҚ, әлеуметтік желі арқылы көрсетіп отыру керек. Сол арқылы бизнес өкілдері, жас ғалымдар өз қажетін алып отырады. Одан бөлек, ғылым саласындағы ақпараттандыруды, қазақ тілді контентті дамыту ұсынылды. Телеарналарда, баспасөз бен интернет сайттарда ғылымды қолдайтын тұрақты, арнайы жобалар керектігі айтылды.

Тағы бір ұсыныс – республикадағы ғалымдардың басын біріктіру, салалық бағытта ұлттық қауымдастықтар құрып, үкіметтік деңгейде қолға алынған өзгерістерге талдау жасайтын орта қалыптастыру болды. Жас ғалымдардың Ұлттық академиясын құру бойынша нақты тұжырымдама мен жүйе әзірлеу ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша, жас ғалымдар кезекті отырысқа дейін аталған тұжырымдаманы әзірлейтін болды.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады