Елена Рыбакина 4 миллион долларлық турнир алдында сырқаттанғанын айтты
Australian Open-тен кейін ауырып қалдым дейді теннисшіміз.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингтің үшінші сатысындағы Елена Рыбакина Дохада өтетін ірі турнир қарсаңында денсаулығына байланысты қиындық болғанын мәлімдеді.
Теннисші Катарға жақында ғана келіп, жүлде қоры 4 миллион АҚШ долларынан асатын турнирге қатысуға дайындалып жатыр. Оның айтуынша, Australian Open–2026 турниріндегі жеңістен кейін үйіне қайтар жолда суық тиіп қалған.
«Мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын, матчтардың басталуын асыға күтіп отырмын. Australian Open-нен бері көп уақыт өткен жоқ, бірақ аздап демалып үлгердім. Осы турнирде ойнап, жинаған қарқынымды сақтап қалғым келеді. Бұл жарыста жақсы өнер көрсете аламын деп үміттенемін.
Үйге қайтар жолда ауырып қалдым, сол себепті небәрі бірнеше күн толық демалуыма тура келді, ештеңемен айналыспадым. Заттарымды жинастырып үлгеру керек болды, уақыт қалай өткенін байқамай қалыппын. Қазір сол қарқынды жалғастыруға жақсы мүмкіндік бар деп ойлаймын», – деді Елена Рыбакина.
Дохада өтетін WTA санатындағы турнирде қазақстандық спортшы бірінші айналымды автоматты түрде өткізіп алады. Екінші кезеңде ол Ван Синьюй (Қытай, әлемнің 33-ракеткасы) мен Эмилиана Аранго (Колумбия, 46-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Материал авторы