747

Режеп Тайып Ердоған зілзаладан баспанасыз қалғандарға жаңа үйлердің кілтін табыс етті

Ол апат аймағындағы барлық қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Режеп Тайып Ердоған зілзаладан баспанасыз қалғандарға жаңа үйлердің кілтін табыс етті

«Апат аймағында барлығы 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Олардың 319 мыңы биыл тапсырылады. 60 мыңға жуық пәтердің негізі қаланды. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Біздің міндетіміз жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мүмкіндігінше тезірек жаңа заманауи үйлерге көшіру», - деді Ердоған.