258

Енді қытайлар Тәжікстанға визасыз кіре алады

Тәжікстан туризмді күшейту үшін Қытаймен визасыз режимге бет бұрды.

Енді қытайлар Тәжікстанға визасыз кіре алады
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тәжікстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр.

Тәжікстанның Туризмді дамыту комитетінің төрағасы Джамшед Джумахонзода бұл мәселе қазір қаралу сатысында тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оң шешім қабылданса, елдегі туризм саласының дамуына серпін беріп, туристік бағыттарды ілгерілетуге арналған ақпараттық және жарнамалық жұмысты күшейтуге мүмкіндік туады.

Комитет басшысы Тәжікстан үшін негізгі туристік нарықтар қатарында араб елдері, Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, дәл осы елдердің азаматтары республикада демалуға және саяхаттауға айрықша қызығушылық танытып отыр.

Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылы Тәжікстанға 1,7 миллионнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден шамамен төрттен біріне жоғары. Қазақстаннан барған туристер саны 37 мың адамнан асты.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор