«Үйлеріңе бөлшектеп қайтарам»: Қазақ қыздарын қорлаған стримерлерге Еркебұлан Тоқтар қатаң ескерту жасады (ВИДЕО)
Алматыда ұсталған шетелдік стримерлер 15 тәулікке қамауға алынған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда қазақстандық қыздарды қорлаған ресейлік стримерлерге қатысты оқиға қоғамда кең талқыланып жатыр. Осы даулы жағдайға қазақстандық актер әрі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар ашық үн қатты.
Бұған дейін Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев (Renatko) есімді ресейлік стримерлердің Алматыда қазақстандық қыздарды қорлағаны үшін ұсталып, ұсақ бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынғаны хабарланған.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде қызу пікірталас өрбіді. Қолданушылардың бір бөлігі стримерлер көпшілік алдында кешірім сұрауы тиіс екенін жазды. Threads платформасында өздерін этникалық әзербайжанбыз деп таныстырған қолданушылар да қазақстандықтарға қолдау білдірген жазбалар жариялады.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде стрим кезінде түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан қазақстандық ер азаматтардың стримерлермен сөйлесіп, олардың айтқан сөздеріне қатысты түсініктеме талап еткені көрінеді. Сол сәтте стримерлер камера алдында кешірім сұраған.
Ренат Пашаев бейнежазбада: «Қазақстанның қыздарын қорлады деген пікірлер жазылып жатыр. Мен жеке өз атымнан кешірім сұраймын», – деді.
Бұл жағдайға қазақстандық актер әрі ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар да реакция білдірді. Ол өз сөзінде болған оқиғаның өзіне ауыр тигенін, себебі өзінің де қарындастары бар екенін айтты. Еркебұлан Тоқтар алдымен қазақ тілінде үндеу жасап, кейін ресейлік стримерлерге орыс тілінде тікелей жүгінді.
«Менің елімде, менің жерімде тағы қайталанса, бұлай сөйлеуге жол бермеймін. Өздерің жауап бересіңдер», – деді ол.
Материал авторы