295

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің әйгілі актрисасы неден қайтыс болғаны белгілі болды

Актриса жылдар бойы дертпен алысып келген.

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің әйгілі актрисасы неден қайтыс болғаны белгілі болды
фильм кадры

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та 71 жасында белгілі актриса Кэтрин О’Хара өмірден озды. Ол әлемге «Үйде жалғыз қалғанда» фильміндегі Кевиннің анасы рөлі арқылы танымал болды.

Ресми құжаттарға сәйкес, актрисаның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған. Сонымен қатар, оның созылмалы аурулары қатарында тік ішек қатерлі ісігі көрсетілген.

Кэтрин О’Хара 2025 жылдың наурызынан бастап қатерлі ісікпен күресте болған. Голливудтағы мансабы бес онжылдыққа созылып, ол алғашқы «Эмми» жүлдесін Канадалық комедиялық скетч-шоу Second City Television үшін алған. Сонымен қатар, актриса «Жұмыстан соң», «Битлджус», «Үйде жалғыз қалғанда» фильмдерінің алғашқы екі бөлімінде және тағы басқа жобаларда ойнаған.

Материал авторы