665

ШҚО түрмесінде жұмыспен қамтылған сотталғандар құрылыс материалдарын дайындауда

Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде жұмыспен қамтылған сотталғандар құрылыс материалдарын дайындауда, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ШҚО түрмесінде жұмыспен қамтылған сотталғандар құрылыс материалдарын дайындауда
ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі №17 түзету мекемесінде 50 мыңнан астам полистиролбетон дайындалған.

«Қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда 3 жыл бойы полистиролбетон өнімі шығарылуда. Бүгінгі таңда өндірісте 10-нан астам сотталған жұмыспен қамтылған. Өндірістің алып жатқан жер аумағы 1220,2 шаршы метрді құрайды. Дайын өнімдер облыс нарығына жеткізілуде», - делінген ақпаратта.

Түзету мекемесі бастығының орынбасары Олжас Жақсыбаевтың айтуынша, сотталған адамды жұмыспен қамтудың негізгі міндеті – түрмеден босатылғаннан кейін қоғамға тез бейімделуіне жағдай жасау.

«Сотталғандар өз еңбектері үшін жалақы алады, талап-арыздарын өтеп, алимент төлейді. Осылайша, еңбекке деген дағдыларын жоғалтпайтын сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін өздеріне және отбасыларына қамқорлығын көрсете алады», - дейді ол.