490

Балғынбек Имашев қарыздан құтылу үшін үйін сатып жібергенін айтты

Айтыскер ақын қазір 7 баламен жалдамалы пәтерде тұрады.

Балғынбек Имашев қарыздан құтылу үшін үйін сатып жібергенін айтты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі таңда өзіне тиесілі баспанасы жоқ екенін мәлімдеді. Журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында ақын қарыздан құтылу мақсатында барлық мүлкін, соның ішінде үйі мен көлігін сатуға мәжбүр болғанын айтты.

«Қазір баспанам жоқ. Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді бәрін саттым. 7 балам, келінім, анам бар – бәріміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Бірақ бұл мен үшін стресс емес, дүние келе береді, кетеді. Ол мен үшін маңызды емес», – деді Балғынбек Имашев.

Ақынның сөзінше, оның мұндай шешіміне көпшіліктің сыны мен ауыр сөздері әсер еткен.

«Адамдар «Сен қарызсың, сен айттың, сенің кесіріңнен кіріп кеттік. Қажылыққа соңғы ақшамызды балаң үйтті-бүйтті» деп айтты. Таза екенін білсең де, жұрттың сөзі жүрекке ауыр тиеді екен», – деді ол.

Балғынбек Имашев қазіргі уақытта отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып, қарыздарын реттеуге көңіл бөлу үстінде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор