386

Ақтөбеде 10 көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Қолайсыз ауа райы салдарынан жаппай жол апаты болды.

Ақтөбеде 10 көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда жаппай жол-көлік оқиғалары тіркелді.

Облыстық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көліктердің соқтығысуы жиілеп, адам өлімі мен жарақат алу деректері анықталып отыр.

Бүгін ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алға мен Тамды елді мекендерінің арасындағы тасжолда ірі жол апаты болды. Апатқа 10 автокөлік қатысқан. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алған.

Ал Қарғалы ауданында, Ақтөбе – Орск тасжолының 200-шақырымында Opel маркалы көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі уақытта өңірдегі бірқатар бағытта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді.

Сонымен қатар қолайсыз ауа райына байланысты облыс мектептерінің барлық оқушылары үшін бүгінгі екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Материал авторы