SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен жарысқа шығады.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, 11 ақпанда Қазақстан құрамасының өкілдері шаңғы қоссайысы, фристайл-могул және биатлон бағдарламаларында сынға түседі.
Шаңғы қоссайысынан ел намысын Шыңғыс Ракпаров қорғайды. Ол қалыпты трамплиннен шаңғымен секіру сайысына қатысып, кейін 10 шақырымдық шаңғы жарысына шығады.
Фристайл-могулда финал жолдамасы үшін Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяна Амренова бақ сынайды.
Биатлоннан 15 шақырымдық жеке жарысқа Әлия Рақышбаева мен Мария Геннева қатысады.
RUS