SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты арнаның жолы кесілді. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасының азаматы қолға түскен. Тексеру кезінде оның қолынан 5 келі «альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 282-бабы — «аса ірі көлемде сату мақсатында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қазіргі уақытта Қырғызстан ҰҚМК-ның тергеу изоляторында қамауда отыр. Тергеу барысында есірткі трафигін ұйымдастырушыларды анықтауға бағытталған қосымша жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Қырғызстан заңнамасына сәйкес, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және сату үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.
RUS