271

Елена Рыбакина мансабындағы 400-ші жеңісіне қол жеткізді

WTA 1000 турнирінде Рыбакина ширек финалға шықты.

Елена Рыбакина мансабындағы 400-ші жеңісіне қол жеткізді
WTA

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина с рейтингінде үшінші орынға ие болып, Australian Open жеңісінен кейінгі алғашқы жарысында өзін сенімді көрсетті.

Доха қаласында (Қатар) өтетін WTA 1000 сериясы турнирінде Рыбакина екінші айналымнан бастады. Ол әлемдік рейтингте 33-ші орын алған Қытай спортшысы Ван Синьюймен кездесіп, кездесуді 6:2, 6:4 есебімен екі сетте жеңіспен аяқтады. Осылайша, теннисші турнирдің ширек финалына шықты.

Айта кетейік, бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін WTA турнирлеріндегі кәсіби мансабында 400-ші жеңіс болып табылады.

Материал авторы