CyberPol жобасы: 234 интернет-алаяқтық әшкереленді

24.04.2023, 12:05
830
CyberPol жобасы: 234 интернет-алаяқтық әшкереленді smartnews.kz

«CyberPol» жобасы аясында интернет-алаяқтықтың 234 дерегі анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Киберқылмыскерлер мен интернет-алаяқтар жаңа схемаларды әзірлеуді жалғастыруда және қарапайым тұрғындарды алдаудың әртүрлі жолдарын табуда. Осыған байланысты ІІМ қылмыстың аталған түріне қарсы тұруға ерекше назар аударады. Полиция цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күресте, мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасағанда және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруда өзінің тиімділігін көрсететін «CyberPol» пилоттық жобасын іске қосты», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, жоба өткен жылдың желтоқсан айынан бастап елорданың «Есіл» ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің аумағында іске асырылып жатыр.

«Қысқа мерзім ішінде құрамында бес тергеуші, бес жедел уәкіл және IT-криминалист бар «CyberPol» екпінді-нысаналы тобы 234 интернет-алаяқтықты әшерелеп, сотқа 184 қылмыстық істі жолдады. Мұнда жұмыс «бір терезе» қағидаты бойынша жолға қойылған және жасалған қылмыс бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін бір уақытта, бір жерде тергеуші, криминалист және жедел қызметкер жүргізеді. Бұрын азаматтар оған көп уақыт жоғалтатын еді. Енді уақыт жоғалтпайды. «CyberPol-да» өтінішті қабылдаудың жеңілдетілген механизмі бар. Жәбірленуші келгеннен кейін бірден өтініш қабылданады. Сол тергеуші істі соңына дейін сүйемелдейді. Адам уақытты жоғалтпайды және әрқашан тергеушімен байланыста болады», - деді ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды