525

Алмас Кішкенбаев телеарналардың «қара тізіміне» енгенін мәлімдеді

Танымал әнші өзін эстрададан шеттетіп жатқанын жариялады.

Алмас Кішкенбаев телеарналардың «қара тізіміне» енгенін мәлімдеді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты қысым бар екенін айтып, қазақстандық телеарналардың «қара тізіміне» енгізілгенін мәлімдеді.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзін қазақ эстрадасынан «жойғысы келетін адамдар бар» екенін ашық жазды. Оның айтуынша, қандай кедергі болса да, тыңдарманы бар кезде сахнадан кетпек емес.

«Менің атымды тарихтан жойғысы келеді екен… Көрейік… Күтейік… Өмір жалғаса береді, сіздер барда мен өшпеймін», – деп жазды әнші.

Алмас Кішкенбаев сондай-ақ барлық телеарнаның қара тізімінде жүргенін атап өтті.

«Барлық телеарнаның қара тізімінде екенімді білемін. Телеарналарың да, қара тізімдерің де өздеріңе. Қарапайым халықтың алдында мен жай ғана әншімін. Өнерімді құрметтейтін тыңдармандарым бар. Оны да артық көрсеңіздер, айтарға басқа сөзім жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаевтың 17 жастағы жасөспірімге қатысты оқиғаға байланысты ұсталғаны хабарланған болатын. Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әншіге «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген.

Кейінірек Алмас Кішкенбаев дәл осы бап бойынша небәрі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Осы оқиғадан кейін әнші әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өзін ақпараттық және шығармашылық кеңістіктен ығыстыру әрекеттері бар екенін тағы да қайталады. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор