393

Түркістан облысында ер адам танысын атып кетті

Атысқа себеп болған жанжалдың мән-жайы анықталды.

Түркістан облысында ер адам танысын атып кетті
ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында жеке бас араздығы қарулы жанжалға ұласты.

Түркістан облысында травматикалық тапаншамен оқ атқан ер адам ұсталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің Сайрам ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға кезінде қолданылған қару тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал жеке бас араздығы салдарынан шыққан. Кикілжің кезінде күдікті танысына қарай оқ атқан.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін растады. Тексеруден кейін ол үйіне жіберілген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Материал авторы