297

Bloomberg: Ресей армиясының шығыны жаңа сарбаздар санынан асып түсті

Қаңтарда Ресей көп адамнан айырылды.

Bloomberg: Ресей армиясының шығыны жаңа сарбаздар санынан асып түсті
REUTERS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Bloomberg агенттігінің батыс барлау деректеріне сүйенген дереккөздері 2026 жылдың қаңтарында Украинадағы майданда Ресей армиясының шығыны әскерге қабылданған жаңа келісімшартты сарбаздар санынан асып кеткенін жазды.

Агенттік мәліметінше, қаңтар айында Ресей Қарулы күштеріне тіркелген жаңа келісімшартты әскери қызметшілер саны майдандағы шығыннан небәрі 9 мың адамға кем болған. Ал 2025 жылдың желтоқсанында жаңа қабылданғандар мен шығын көлемі шамалас деңгейде тұрған. Алайда қыс мезгілінде Украинадағы соғыста Ресей армиясының адам шығыны айтарлықтай артқан.

Bloomberg дереккөздері Украина қорғаныс ведомствосының жаңа басшысы Михаил Федоров ұсынған «Ресей армиясының ай сайынғы шығынын 50 мың адамға дейін жеткізу» стратегиясы ішінара нәтиже бере бастағанын айтады. Осындай үрдіс сақталса, Кремль алдағы уақытта жаңа жаппай мобилизация мәселесіне қайта оралуы мүмкін.

Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) сарапшылары да Ресейдің майдандағы шығыны өте жоғары екенін атап өтті. Олардың бағалауынша, 2022 жылғы ақпаннан бері Ресей әскері қаза тапқан, жараланған және хабар-ошарсыз кеткендерді қоса есептегенде, шамамен 1,2 миллион адамнанайырылған.

CSIS дерегіне сәйкес, тек өткен жылдың өзінде Ресей армиясының шығыны 425 мың адамды құраған. Бұл – айына орта есеппен 35 мыңға жуық әскери қызметкер. Сарапшылар мұндай көрсеткіш Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ірі әскери қақтығыстар арасындағы ең жоғары деңгейлердің бірі екенін алға тартады.

Орталықтың бағалауынша, Ресей мен Украина қарулы күштерінің жиынтық шығыны қазірдің өзінде 1,8 миллион адамға жеткен. Ал көктемге қарай бұл көрсеткіш 2 миллионнан асуы мүмкін.

Сонымен қатар CSIS Ресей армиясының ірі шабуыл операциялары кезіндегі ілгерілеу қарқыны өте төмен екенін көрсетеді. 2024 жылы бастаманы қайта қолға алғаннан кейін ресейлік бөлімшелер тәулігіне орта есеппен 15–70 метр ғана алға жылжыған. Бұл соңғы жүз жылдағы ірі әскери науқандар арасындағы ең баяу көрсеткіштердің бірі саналады.

Сарапшылардың есептеуінше, 2024 жылдың басынан бері Ресей Украина аумағының 1,5 пайызынан да аз бөлігінғана бақылауына алған.

Bloomberg агенттігімен сөйлескен батыс барлау деректеріне қанық дереккөз де осы бағалармен келіседі. Оның айтуынша, қазіргі қарқын сақталса, Ресей армиясына Донбасс аумағын толық бақылауға алу үшін шамамен екі жылға жуық уақыт қажет болады.

Материал авторы