Балидағы жанжалдан кейін «батыр қыз» атанған қазақ модель елге оралды
Гүлсезім Алтайбекова Балиде ресейлік блогерді ұрды деп айыпталған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралындағы жанжалдан кейін елге оралғанын хабарлады. Ол бұл туралы TikTok желісіндегі парақшасында жариялады.
Бұған дейін Алтайбекованың ісі бойынша тергеу аяқталған. Жәбірленуші тарап – ресейлік блогер Карина Фадеева 5 ақпанда өзінің Telegram арнасында істің жабылғанын мәлімдеген.
Оның жазбасында сот шешімі ретінде материалдық өтемақы төлеу және төрт аптаға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленгені айтылған.
Алтайбековаға қатысты дау биыл Бали аралында болған жанжалдан кейін кеңінен тараған. Әлеуметтік желілерде қазақстандық қолданушылар отандасын ашық қолдап, оны «батыр қыз» деп атап кеткен.
Өз кезегінде модель күтпеген қоғамдық қолдауға тап болғанын айтып, мұндай деңгейдегі танымалдылықты болжамағанын жеткізді.
Материал авторы