Танымал әнші Әмреге Кеңес Рақышев көлік сыйлады
Кәсіпкер әншіге шығармашылық жолында көмек көрсетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев (Amre) жаңа көліктің кілтін кәсіпкер әрі филантроп Кеңес Рақышевтен сыйлық ретінде алды.
Әншінің Instagram парақшасында жазғанына қарағанда, бұл тосын сый оған шығармашылық жолында қолдау көрсету ретінде берілген. Amre өз постында:
«Бүгін күтпеген жерден жаңа көліктің иесі болдым. Менің ағам Кенес менің халықаралық конкурстардағы өнерімді бақылап отырмын деп, үлкен сыйлық жасады. Шығармашылық жолымда қолдау ретінде көлікті сыйлады. Бұл мен үшін тосын сый болды, рахмет, ағам» деп жазған.
Кеңес Рақышев қолдауды тек өнер адамдарына ғана емес, спортшыларға және өмірлік қиындыққа тап болған азаматтарға да көрсететінін атап өткен жөн.
2019 жылы ол олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Гусман Қырғызбаевқа көліктер сыйлаған.
2022 жылы Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова су тасқынынан зардап шеккендерге 1,2 млрд теңге көлемінде көмек берген.
2023 жылы кәсіпкер әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшылардың ата-аналарына әрқайсысына 2 млн теңгеден берген.
Сол жылы ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мырзағали Айтжановқа да көлік сыйлаған.
Материал авторы