292

Алматыда 15 жастағы баланы жаяу жүргінші өткелінде қағып кеткен (ВИДЕО)

Жүргізуші баланың қолына қар ұстатып ізін суытқан.

Алматыда 15 жастағы баланы жаяу жүргінші өткелінде қағып кеткен (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жүргізуші 15 жастағы баланы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, қашып кетті.

Оқиға 12 қаңтарда сағат 11:05 шамасында Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысында орын алған. Видео кадрлардан көрініп тұрғандай, бала заңды түрде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.

Жүргізуші көліктен түсіп, балаға қар беріп: «Үстіңе бас, сонда ауырмайды» деген. Содан кейін көлігін қайта мініп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір жасөспірім ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жәбірленушінің туыстары тергеу баяу жүріп жатқанын айтып, істің назардан тыс қалуынан қорқып отыр. Сол себепті куәлардан көмек көрсету сұралған.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, белгісіз жүргізушіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алмалин аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның тергеуін бастап кеткен.

Материал авторы