Елімізде шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылды
Азаматтығы жоқ тұлғаларға да ЖСН тағайындау тоқтайды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылды.
«Қазақстан азаматтары үшін» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, 13–16 ақпан аралығында өкілетті мемлекеттік орган тарапынан техникалық жұмыстар жүргізілетініне байланысты шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН тағайындау қызметі уақытша көрсетілмейді.
Бұл қызметтің қолжетімсіздігі ХҚКО мен Миграциялық қызмет орталықтарында 13 ақпан сағат 09:00-ден бастап күшіне енеді. Қызмет өкілдері азаматтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура шетелдіктерге ЖСН тағайындауда заң бұзушылықтарды анықтаған болатын.
Материал авторы