279

Елімізде алтын мен мұнай қоры азайғаны рас па?

Алтын мен мұнай қанша жылға жететіні белгілі болды.

Елімізде алтын мен мұнай қоры азайғаны рас па?
SMARTNEWS.KZ коллажы / ЖИ өңдеуі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда мұнай мен алтынның қоры қазіргі өндіріс көлемімен есептегенде бірнеше онжылдыққа жетеді.

Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қанат Ерубаевтың айтуынша, елде мемлекеттік есепте 4 миллиард тоннадан астам мұнай қоры бар. Қазіргі өндіріс деңгейімен бұл қор шамамен 50 жылға жеткілікті.

Ал алтын қоры 2,3 мың тоннаға жуық деп тіркелген. Ағымдағы өндіріс көлемімен осы алтын қорлары 37 жылға жетеді.

Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, қоры үнемі толықтырылып отырады.

Материал авторы