322

Алматыда жер телімі АҚШ-қа 49 жылға жалға беріледі

Алматыда ірі дипломатиялық жоба басталды.

Алматыда жер телімі АҚШ-қа 49 жылға жалға беріледі
NUR.KZ / Владимир Третьяков

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт Алматыда АҚШ консулдығын салу жобасына қатысты пікір білдірді.

Елшінің айтуынша, Алматыдағы консулдық ғимаратының құрылысы – ауқымы кең, стратегиялық маңызы бар жоба.

«Бұл бастама екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға берік адалдығымызды тағы бір мәрте дәлелдейді әрі АҚШ-тың Алматыдағы дипломатиялық қатысуын едәуір кеңейтеді. Біз Астанада бармыз, енді Алматыдағы миссияның ауқымы күшейеді», – деді ол.

Стаффт жобаны толық аяқтауға бірнеше жыл қажет болатынын атап өтті.

Бұған дейін, 2025 жылдың басында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі АҚШ-қа Алматы қаласынан консулдық мекеме салу үшін жер телімін жалға беру туралы заң жобасын жұмысқа қабылдағаны хабарланған болатын. Құжатта аумағы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін 49 жыл мерзімге жалға беру көзделген.

Кейінірек Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында консулдық ғимараты салынуы мүмкін аумаққа қатысты мәлімет берген.

Ал қала әкімдігі жаңа нысандардың нақты орналасатын жері Медеу ауданы аумағында екенін түсіндірген. Жоба Алматы қаласында жүзеге асырылады.

Материал авторы