Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны ресми расталды

14.02.2026, 10:22
292
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны ресми расталды gov.kz

ҰҚК лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталғаны ресми түрде расталды. Бұл ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберінде процессуалдық іс-шаралар атқарылуда, істің мән-жайы жария етілмеді.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында облыс әкімінің орынбасары ұсталғаны жөнінде хабар тараған. Кей дереккөздерде оның қамауға алынғаны айтылды. Ашық ақпарат көздерінде Мұсағазинаның есімі өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы резонансты қылмыстық іспен байланыстырылған.

Атап айтқанда, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Аталған тұлғалар медициналық ұйымдарға арналған жабдықтарды мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен тергеліп жатыр. Сондай-ақ «Сот кабинеті» порталында істің Қостанай қаласының тергеу сотына жолданғаны туралы мәлімет пайда болды.

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды